Атырау, 23 қараша 17:09
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Нұрлы Хабиева қатаң сөгіс алды

5 702 просмотра


Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрлы ХАБИЕВА көп балалы аналарды сыйламағандығы және дөрекілігі үшін қатаң сөгіс алды. 

Атырау облысы бойынша мемелекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінде бұл ақпаратты растады.

- Нұрлы Хабиеваның азаматтармен әңгімелесу барысында мемлекеттік қызметкер этикасын сақтамағандығы және оларға дөрекілік танытқандығы анықталды. Шағымданушылардың дәлелдері расталды, - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Этика жөніндегі кеңеске орын алған осы дау-дамай туралы зардап шеккен алты ана хабарлаған болатын. Олар Нұрлы Хабиеваның дөрекі сөздерін диктофонға жазып алған. Оның өзі Кеңес отырысында бұл қылығын атаулы әлеуметтік көмек алушылар тізімін нақтылау барысында жүйкесінің сыр бергендігімен түсіндірді.

«АЖ» тілшісімен телефон арқылы болған қысқаша әңгімесінде Н.Хабиева өзіне берілген жазаға қатысты түсінік беруден бас тартты:

- Мен не айтам? Менің пікірім кімге керек? Не жазсаңыз да өзіңіз біліңіз! – деп, тұтқаны тастап жіберді.

Нұрлы  Хабиева қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін 9 жылдан артық уақыт басқарып келеді. Бұған дейін де оның жұмыс әдісі және келушілермен сөйлесуіне қатысты шағымдар болды, журналистердің өздері де оның «қызу» мінезімен жақсы таныс. Бірақ, шамасы, бізде «суға салсаң батпайтын» қызметкерлер әлі де бар екен. 

Фархат ӘБІЛОВ

5 қаңтар 2020, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.