Атырау, 23 қараша 17:34
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Жаңа жыл түні қарсыз және тыныш өтті

2 869 просмотра


Жаңа жыл түнінде Атырау облысында 43 бала дүниеге келді. Олардың 22-і облыстық перинаталдық орталықта, 17 – қалалық перзентханада және 4-і Жылыой ауданында туған. Жалпы, Атырау жаңа жылды тыныш қарсы алды.

Бұл түні полицияның жұмысы күшейтілді. Жол ережесін бұзған 150 жүргізуші анықталды, олардың көпшілігі жылдамдықты арттырғаны үшін тоқтатылған және 12 жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізген.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 қаңтарға қараған түні мұнайлы астананың көшелері мен қоғамдық орындарында 600-ге жуық тәртіп сақшысы кезекшілік еткен. Әсіресе, көңіл көтеру орындарының маңайы олардың ерекше назарында болды. Бірақ қандай да бір келеңсіз тәртіп бұзушылық тіркелген жоқ.

Сонымен қатар 1 қаңтарда Алматыдан Оралға бет алған FlyArystan жолаушылар ұшағына Атырау халықаралық әуежайында жоспардан тыс қонуға тура келді. Орал әуежайы боран, тұман және көктайғаққа байланысты рейсті қабылдай алмады. Ал бізде қар әлі жауған жоқ. Авиалоукостердің бортында Атырауға жетудің үнемді жолын таңдаған жерлестеріміз де болды. Олар бұл «тосын сыйға» тек қуанып қалды, ал оралдықтарға үйлеріне такси арқылы жетуге тура келді.  

Фархат ӘБІЛОВ

5 қаңтар 2020, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.