Атырау, 22 қаңтар 12:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 506.70
€ 593.14
₽ 6.53

Атырауда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық» ашылды

2 789 рет қаралды


Атырауда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик ШПЕКБАЕВ салтанатты түрде ашқан «Antikor ortalygy» сервис орталығында кез келген азамат жедел құқықтық көмек пен кеңес ала алады. Іс-шараға облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ те қатысты.

- Бұл республикада ашылған 14-інші кеңсе. Мұнда тегін заңгерлік көмек көрсетіледі, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының жеке қабылдауына жазылуға болады, - деді М.Досмұхамбетов кеңсенің ашылуында.

Біздің өңірге жұмыс сапары барысында А.Шпекбаев сондай-ақ PBI жобасы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инвесторларға қолдау көрсету)  аясында кәсіпкерлер форумына қатысты. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

30 желтоқсан 2019, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.