Атырау, 23 қараша 16:53
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Спорт хроникасы

2 358 просмотра

БОКС


РФ Краснодар өлкесінің Каневская станицасында  «Гладиатор - 5» кәсіби бокс кеші өтті. Онда Атыраудан барған Ержан Ордабаев бақ сынады.

25 жастағы жылыойлық спортшыға қарсы 39 жастағы ресейлік ардагер Александр Салтыков шықты. Жекпе-жек 6 раундқа созылуы тиіс еді, бірақ екінші раундта аяқталды. Ержан техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл оның кәсіби рингтегі  екінші жеңісі болды. Ержан өзінің дебюттік жекпе-жегін 16 қыркүйекте Мәскеуде қарсыласы белорус Антош Бекишті нокаутқа құлатып, уақытынан бұрын жеңіске жеткен еді.

 * * * * *

Таразда Әбдісәлім Өсенбаев мемориалы үшін  2004-05 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстанның аймақтық чемпионаты өтті. 

75 келіге дейінгі салмақта  «алтынды» атыраулық спортшы Арсен Рахимов жеңіп алды. Ол 4 жекпе-жек өткізді, барлығында да жеңіске жетті.

 КҮРЕС

Ақтөбеде Ақтан батырды еске алу құрметіне арналған грек – рим күресі бойынша  турнир өтті. 

78 келіге дейінгі салмақта 50-60 жас аралығындағы ардагерлер санатында Атыраудың намысын Қазақстанның еңбегі сіңген бапкері Рашид Мусин қорғады. Ол финалда Түркістандық палуан, әлем чемпионы Нұржан Асылбековпен кездесті. Жекпе-жек кезінде біздің палуан қолынан жарақат алды, дегенмен, жеңіске жетті.

СПАРТАКИАДА

Дене шынықтыруды дамыту орталығының бастамасымен колледж оқушылары арасында облыстық спартакиада өткізілді.

Жалпы саны 585 қатысушысы бар 13 команда спорттың 6 түрі бойынша - баскетбол, волейбол, гандбол, шахмат, тоғыз құмалақ және үстел теннисінен жарысты. 1 орынды Индер ауылшаруашылық көппрофильді колледжі, 2 орынды -  С. Мұқашев атындағы политехникалық  колледжі, 3- орынды  энергетика және құрылыс колледжі алды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 желтоқсан 2019, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.