2020 жылғы 1 қаңтарда «Атырау Жарық» АҚ-ның электр қуатын беру және тарату тарифтері - 1 киловат 4,73-тен 4,87 теңгеге дейін - өсті (өсім 2,9%), ал «Атырау жылу желілері» АҚ жылу энергиясының бағасын - 1 гигакалория 4418,48 теңгеден 4976,76 теңгеге дейін (өсім 12,6%) - көтерді.
Ал бұған дейін біз жаңа жылдан бастап Атырау ЖЭО-да өндірілетін жылу және электр қуатына тарифтердің өсетіні туралы хабарлаған болатынбыз.
Атырау облысы бойынша жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға электр энергиясын жеткізетін «Атырау Энергосату» ЖШС тарифі бойынша ғана мәселе шешілмей отыр. Кәсіпорынның Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіне тарифтерді жоғарылатуды ұсынған өтінімі құжаттардың толық болмауына байланысты әзірге қараусыз қалдырылды. Бұл мәселе де көп ұзамай шешіледі.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ