Атырау, 23 қараша 17:39
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраудың үздіктері

Сурет
4 966 просмотра

Тұрсын ҚАЛИМОВА


Мұнайлы астанада өңіріміздің дамуына өз үлестерін қосқан адамдарға түрлі номинациялар бойынша «Жыл адамы 2019» атағын тапсыру салтанаты өтті. 

«Үздік мәдениет қызметкері» атағын Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драмалық театрдың режиссері Жанат ТЕЛТАЕВ алды.

«Жыл мұғалімі» - Нұргүл ҚҰБЕЕВА, №35 орта мектептің қазақ  тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

«Жыл спортшысы» - Аманат САБЫРҒАЛИ, ұлттық құраманың мүшесі, бокстан спорт шебері.

«Үздік мемлекеттік қызметші»  -   Айдар НҰРҒАЛИЕВ, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, президенттік жастар кадрлық құрамында.


«Құқық қорғау саласы бойынша үздік қызметкері» - Әнуар ҚҰСПАНОВ, учаскелік полиция инспекторы, органда  2014 жылдан бері еңбек етеді, капитан.  

Облыстық офтальмологиялық аурухананың балалар дәрігері Аида МОЛДАШЕВА «Жылдың үздік дәрігері» атанды.  

«Жыл құрылысшысы» - Нұролла КАРИМОВ, Нұрсаяда 900, Самал ықшамауданында 600 орынды мектеп салған және Махамбет ауданында екі каналды тазартумен айналысқан «Нұркапстройгаз» ЖШС бас директоры.

Жаңылсын СИДАЛИЕВА -  «Үздік әлеуметтік қызметкер, ол 2015 жылдан бері қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде сектор меңгерушісі болып жұмыс істейді.  

«Жыл кәсіпкері» – жеке кәсіпкер Айбар ЖАНИЯЗОВ, қайырымдылық акцияларына белсенді қатысушы.


Қаршыға КӨШЕКОВ


«Жыл журналисі» болып Қаршыға КӨШЕКОВ жарияланды – «Атырау-Ақпарат» ЖШС журналисі, республикалық «Литер» газетінің меншікті тілшісі.  

Өз атымыздан кәсіби қызғанышсыз айтарымыз, оның Жайықтың жоғалып бара жатқаны туралы жазған проблемалық мақалалары осы марапатқа лайық.

«Арнаулыавтобаза» ЖШС директоры Алмас ІЗТЛЕУОВ - «Үздік коммуналдық қызметкер».

«Үздік ауылшаруашылық қызметкері» - Ақсұлу САҒИЕВА, «Сағиев» ШҚ басшысы.

Сондай-ақ халық қалаулылары да еленді. «Белсенді депутат» - Гүлзинеп ДҮСІПОВА, қалалық перинатальдық орталықтың бас дәрігері.  «Жыл депутаттары»: «Тұрғынүйқұрылыс жинақ банкі» облыстық филиалының директоры Нұрбол ҚҰРМАН және С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің директоры  Бақыт ШЕРКЕШБАЕВА.

«Батырлығы үшін» - №3 өртке қарсы бөлім бастығының орынбасары, азаматтық қорғаныс капитаны Азамат ЖАҚЫПОВ, сондай-ақ, 21 наурызда әріптесі Шалхар Ақымғалиевпен бірге көпірден секірген әйелді құтқарып қалған полиция лейтенанты Рустембек СҮНДЕТОВ марапатталды. Өкінішке орай Шалхар қаза болды.  

Ал өңіріміздің  «Жыл адамы» болып Тұрсын ҚАЛИМОВА жарияланды  – ол ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Айқын» газетінің меншікті тілшісі, «Жыл журналисі-2017» иегері болған. Ол Атырау халықаралық әуежайына Ұлы Отан соғысында әскери ұшқыш болған Хиуаз Доспанованың есімін беру жөніндегі бастамашыл топты басқарады.  

Дайындаған  Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттерді түсірген автор

31 желтоқсан 2019, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.