Атырау, 23 қараша 17:51
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ондатра» жобасы

3 714 просмотра


Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жыл - тышқан жылы. Осыған байланысты облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының бас аңшысы Александр ИВАСЕНКО өткен ғасырдың 80-ші жылдарының қызықты жобасын еске түсірді. Бұл жерде әңгіме Жайықтың сағасына су тышқанын - ондатраны қоныстандыру туралы болмақ.

80-жылдардың екінші жартысында жаңа сән үлгісі – ондатра терісінен жасалған бас киім Гурьевке де жетті. Сол кезде оларды қаланың қазіргі тарихи бөлігінде орналасқан Колхоз базарында ғана сататын. Қала тұрғындары қымбат, жылы әрі сәнді бас киімге ие болу үшін соңғы тиындарын санап беріп жүрді. Ал түн қараңғысында жалғыз келе жатқан әйелдердің қымбат бөріктерін қаскүнемдер бастарынан жұлып алып, ізім-ғайым жоқ болатын.

Сол жылдары кейбір кәсіпорындар нарықтық экономиканың шет жағасын байқап, шаруашылық есеп жолына бет бұра бастады. Солардың қатарында иелігінде 20 мың гектардай алып аумағы бар «Золотенок» мемлекеттік аңшылық шаруашылығы да болды.

- «Золотенок» Жайықтың оң жақ сағасынан Золотенок өзегіне дейінгі алқапта орналасқан. Шаруашылық облыстың мемлекеттік аңшылық инспекциясының қарамағында болды. Содан 1989 жылы Құрманғазы ауданында орналасқан Новинский мемлекеттік қорығынан жыныстық жағынан жетілген ондатр партиясын әкелу туралы шешім қабылданды. Пешной түбегінің ортасымен ағып жатқан Масабай өзегіне 300 бас су тышқанын жіберді, - дейді А. Ивасенко.

5 жыл ішінде Масабай мен жақын маңыдағы өзектерде олардың саны 6-7 мыңға дейін жетті. Популяция 2003-04 жылға дейін жалғасты.  Бірақ ондатра кәсіпшілігі сол күйі басталмай қалды. Себебі «сары» бас киім қалып, күзен құлақшындар сән бола бастады.

Осы жылдары Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі байқалды, бұл аңдардың мекендеу ортасы мен жем-шөп базасының қысқаруына әкеліп соқты. Ондатра су өсімдіктерімен, кейде су омыртқасыздарымен қоректенеді, балық жемейді.

Қазір ондатра негізінен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының және оған іргелес акваторияның аумағында жүреді. Резерваттың ғылыми бөлімі үнемі мониторинг жүргізеді. Резерватты құру кезінде су тышқанының саны 13-15 мыңға жеткен еді, ал қазір 3-5 мыңға дейін қысқарды.

... су тышқандарының көктемде жас күшіктерін жайғастыру кезіндегі мінез-құлқы өте қызықты. Үлкейгендері өздерінің індерін күшіктеріне қалдырады да, өздері жаңадан ін салуға кіріседі. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 желтоқсан 2019, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.