Атырау, 23 қараша 17:11
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Атырау» Премьер-лигаға ілікті

2 395 просмотра

Атырауда бір аттас кәсіби мини - футбол клубы құрылып жатқанын және келер жылға облыстық бюджетте қаржы қарастырылғанын зорға білдік. Олар команда ретінде 7 және 8 турлардың екі матчын бірден ойнап, футзал бойынша еліміз чемпионатының Премьер-лигасына ілікті.

Екі матчта да команда өз алаңында («Атырау» ДСК) көкшетаулық «Оқжетпеспен» кездесті және екеуінде де  6:3 және 3:2 есебімен жеңіп кетті.

Жаңадан құралған команда қатыспаған алғашқы 6 тур не болмақ? Облыстық футбол федерациясында бізге чемпионаттың қарашада басталып, сәуірде аяқталатынын түсіндірді. Біріншілік барысында міндетті түрде бастапқыда өтіп кеткен ойындарды ойнауға мүмкіндік туады дейді.

«Атырау» өздеріне "Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы Серік Жаманқұловты алды, айтпақшы ол бірінші матчта гол салып көзге түсті. Жалпы «кіші» "Қайрат" аңызға айналды десе де болады, өйткені, оның қоржынында екі Еуропа чемпиондарының кубогі бар, демек бұл турнирдің жартылай финалына тұрақты шыға алады деген сөз. «Қайраттың» жетістіктерінің арқасында Қазақстан еуропалық рейтингте 4-ші, әлемдік рейтингте 7-ші орынды иеленіп отыр.

Қазір «Атырауда» Жаманқұловтан басқа 15 ойыншы бар. Жартысы жергілікті ойыншылар, Мақаттан да келген. Әлі алда маңызды ойындар бар, қаңтарда трансферлік ойындар болады, сондықтан да, негізгі құрамда ешкімнің де «тұрақты» орыны жоқ.

ҚР футзал Премьер-лигасында – 8 команда бар және олардың тең жартысы батыс қазақстандық командалар: «Ақтөбе», «Бәйтерек» (Орал), «Каспий» (Ақтау), енді міне, «Атырау» да қосылды.

 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 желтоқсан 2019, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.