Атырау, 23 қараша 17:26
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан Ресейге Каспий итбалығын сақтау үшін ерекше қорғалатын аумақ құруды ұсынды

2 726 просмотра


Қазақстан мен Ресей Жайық өзенінің гидрологиялық режимін зерттеу үшін бірлескен сарапшылық топ құрады. Бұл жайында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресейге жұмыс сапары барысында Жайық өзенінің гидрологиялық режимін зерттеу үшін бірлескен сарапшылық топ құру, бассейннің экожүйесін сауықтыру бағдарламасын құру мүмкіншілігін, сонымен қатар Каспий итбалығы мен киіктердің популяциясын сақтау мәселелерін талқылады. М.Мырзағалиев бұл мәселелерді РФ Табиғи ресрустар және экология министрі Дмитрий Кобылкинмен кездесуі барысында қозғады», - делінген таратылған ақпаратта. 

Қазақстанның бас экологы ресейлік әріптесін Жайық өзенінің гидрологиялық режимін бірлесіп зерттеуге күш-жігер жұмылдыруға, оны одан ары жақсарту үшін кешенді шаралар әзірлеуге үндеді. «Ведомстволарымыздың арасында Жайық өзенінің қазіргі гидрологиялық режимін зерттеуді ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс тобын құру және тиісінше техникалық міндеттер әзірлеу қажет. 2020 жылдың наурызында тараптардың сарапшылары бірлескен зерттеу жүргізуге кірісе алады», - деді кездесу барысында М.Мырзағалиев. 

Сонымен қатар ол әрбір тараптың сарапшылар құрамын жасақтауға шақырды. Тараптардың келесі кезеңде өңірдің қоршаған ортасының жай-күйін зерделеуге кірісуі және Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сауықтыру бағдарламасын әзірлеуі жоспарланған. Мұнан бөлек Мағзұм Мырзағалиев ресейлік тарапқа Каспий итбалығы мекендейтін жерді сақтау үшін трансшекаралық ерекше қорғалатын табиғи аумақ құруды ұсынды. Қазақстан мен Ресейдің табиғатты қорғау ведомстволарының басшылары киіктердің популяциясын сақтау мәселелерін талқылады.


Дерерккөз: Inform.kz 

8 қаңтар 2020, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.