Атырау, 23 қараша 10:48
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраудағы "Сергек": айыппұл наурыздан бастап салына ма?

Сурет
4 606 просмотра


Әлеуметтік желілерде жергілікті жүргізушілер Атырауда «Сергек» бейнебақылау жүйесінің камералары 1 қаңтардан бастап іске қосылды деп бір-біріне ескерту жасауда. Көпшілігі смартфондарына камералардың орналасқан жерін көрсететін түрлі қосымшалар орнатып алған.

Қазақстанда «Сергек» жүйесін орнатумен айналысатын «КөркемТелеком» ЖШС-нің баспасөз қызметі «АЖ»-ға хабарлағандай, Атырауда қазір аппараттық-бағдарламалық кешендер мен жалпы бақылау камераларын монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.

- Кешендер дайын болуына қарай іске қосылады. Алдымен құрылғылар орнатылады, содан кейін қуат көзіне, одан соң байланыс арналарына қосылады, камералар орнатылады, оларды тексереді, осыдан кейін ғана жүйе айыппұл салу жүйесіне қосылады.

Жол жүру ережелерін бұзған жүргізушілерге айыппұл туралы хабарлама берілетін уақыт басталарда уәкілетті орган алдын ала хабарлайды, - дейді «КөркемТелеком» ЖШС баспасөз қызметі. - Заңды бұзбайтын азаматтар, соның ішінде жол жүру ережелерін сақтайтын жүргізушілер үшін алаңдауға еш негіз жоқ. «Сергек» жүйесінің басты мақсаты - қаладағы қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыру.


Атырау облыстық Полиция департаменті «АЖ» тілшісіне әзірге монтаждау жұмыстарының аяқталуын күтіп отырғандарын хабарлады:

- Біздің мәліметіміз бойынша, Атырауда «Сергек» жүйесі наурыз айында іске қосылады.

Атырауда барлығы 2748 камера - жол қиылыстары мен желілік жол учаскелерінде 204 кешен (1224 камера), 774 жалпы бақылау камерасы және 750 біріктірілген бұрылмалы камера -  орнатылады. Сауда орталықтары мен басқа да халық көп жиналатын орындарда бейнебақылау камералары «Сергек» жүйесімен біріктіріледі.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

10 қаңтар 2020, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.