Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Бұл орынға бұрын Ақтөбе облысында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасында басшылық еткен Мейіржан ЕСІМБАЕВ отырды. Жаңа басшыны ұжымға ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Олжас ӘБІШЕВ таныстырды.
М. Есімбаев Ақтөбе облысында 1973 жылы туған. Еңбек жолына келсек, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Алғашқы қызметін дәрігерліктен бастаған.
Бұрын осы департаментті басқарған Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ өткен жылдың қараша айында басқа қызметке - Атырау облысы бойынша ұлттық сараптама орталығына - ауысқан.
Зульфия ИСКАЛИЕВА