Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 6 шақырым жерде «Жылыой-тазалық» ЖШС өз қаржысына тәулігіне 100 тонна қатты қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауыт ашты. Тұрмыс қалдықтарын жинаумен айналысатын кәсіпорын бұрын қалдықтарды қоқыс алаңында көмумен шектеліп келген еді.
Зауытта әйнек, қағаз, полимер мен пластмасса, тіпті, темір қалдықтарын өңдейді. Бүгінде қағаз, целлофан, баклажка, картон, шыны ыдыстарды сұрыптаудан өткізіп, бөлек-бөлек престеп, қоймаға жинастырып жатыр.
- Сұрыптаудан кейін сол престелген қалдықтардан брусчатка, бордюр, канализация люктарын, тағы басқа шығару, яғни өнім дайындау жоспарымызда бар, - дейді «Жылыой-тазалық» ЖШС-нің директоры Бауыржан АБДРАХМАНОВ.
Бүгінде зауытта 130 адам еңбек етуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА