10 қаңтарда жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін (шұғыл жиналыс сағат 18.40-қа дейін созылды) қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі журналистерге орталық көпірдің жабылуына қатысты баспасөз хабарламасын беруден бас тартты. Тек «оңай шешілетін мәселе емес» деп қысқаша қайырды. Қала тұрғындары демалыс күндері орталық көпір ашылады деп үміттенген еді, бірақ бүгін де әлі жабық.
«Атырау жылу жүйелері» АҚ қызметкерлерінің ресми емес ақпараты бойынша, олар тіреудің жылжып кетуінен болған олқылықты түзеу жұмыстарын жұма күні аяқтаған. Көпірдің неге жабық тұрғаны жөніндегі сұрағымызды қалалық әкімдікке жолдау керектігін айтты. Ал қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі журналистерге баспасөз хабарламасын күтуді өтінді. Күтейік.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ