Атырау облысының Аққыстау ауылындағы бір үйден өрт шығып, рация арқылы хабардар болған полиция қызметкерлері дер кезінде оқиға орнына жетіп, өз күштерімен тілсіз жауды ауыздықтады.
Өрт үйге жанама салынған газбен жылыту қазандығынан шыққан. Бұл кезде үйде 15, 7 және 6 жасар балалар болған. Барлығы дін аман.
-Таңертең қайтыс болған кісінің жаназа намазына кеткен едік. Өртті сөндіруге көмектескен полиция инспекторлары Ғалымжан НАУАНОВҚА және Бекжан МҰРАТҚАЛИЕВКЕ алғысымыз шексіз, - дейді өрттен аман қалған балалардың анасы Бибігүл СҰЛТАНОВА.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА