Атырау, 27 желтоқсан 00:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Атырау астаналық мансапқа жетер "саты" болды

4 061 рет қаралды


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Расул МЕДЕТОВКЕ Президенттік жастар кадрлық резервінің тізіміне енгеннен кейін Нұр-Сұлтан қаласында жаңа қызмет ұсынылды. Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, Медетов ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің серіктестік департаментінің директоры болып тағайындалды.

33 жасар Расул Медетов біздің өңірде 5 жылдай қызмет етті. Бұған дейін ол Ақтөбе облыстық мемлекеттік істер департаментін басқарған.

Естеріңізге сала кетсек, Президенттік кадрлық резервтегі 300 адамның ішінде Атырау облысынан Медетовтан басқа «ТШО» ЖШС-нің бас сарапшысы Махмуд СЕЙІЛХАНОВ, «Ембімұнайгаз» АҚ департамент директорының орынбасары Ғибрат АУҒАНОВ, Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айдар НҰРӘЛИЕВ және «АМӨЗ» ЖШС-нің департамент директоры Тимур МЕНДЕБАЕВ бар.

Фархат ӘБІЛОВ

10 қаңтар 2020, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.