Атырау, 23 қараша 17:11
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бюджеттік ұйымдар үшін жылу тарифі өсті

3 305 просмотра


18 желтоқсанда табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департамент «Атырау ЖЭО» АҚ жылу энергиясын тұтынушылар тобы бойынша сараланған тарифті бекітті. «Жеке тұлғалар» санаты бойынша тарифтер бұрынғыша қалды.  Департамент «заңды тұлғалар» санатын екі санатқа: «бюджеттік ұйымдар» және «басқа тұтынушылар» деп өзгертті. Сөйтіп олар үшін жаңа тарифтерді бекітті. Нәтижесінде тариф 3-тен 10 пайызға дейін артты.  

Сонымен, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «басқа тұтынушылар» санаты үшін мынадай тарифтер белгіленді: орташа өткізу – 13 157,28 теңге Гкал үшін (7% өсті); жылу есептегіштері бар тұтынушылар үшін - 11 887,41 теңге (7% өсті), есептегіштері жоқ тұтынушылар үшін – 19 735,93 теңге (7% өсті); апатты, тозығы жеткен жайлар және барақ типті үйлердегі  тұтынушылар үшін – орташа өткізу 13 157,28 теңге (3% өсті).

Бюджеттік ұйымдар үшін: орташа өткізу тарифі – 13 526, 17 теңге (10% өсті), жылу есептегіштері бар – 12 220,7 теңге (10% өсті), есептегіштері жоқ – 20 289,27 теңге (10% өсті);  апатты, тозығы жеткен жайлар және барақ типті үйлерде орналасқандар үшін – орташа өткізу 13 526, 17 теңге (6%).

Тарифтің өсуі қалай солай «басқа тұтынушылар» үшін яғни, кәсіпкерлердің тағам өнімдерін, тауарлар өндіру, қызмет көрсету және басқа да шығындар сметасына  енгізілетіні түсінікті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ  

26 желтоқсан 2019, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.