Атырау, 23 қараша 17:44
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«АМӨЗ тоғаны шегіндегі Жайық суы нормативке сәйкес»

Толықтырылды
2 986 просмотра


19 желтоқсанда өлген балықтар табылған Жайық өзеніндегі Атырау мұнай өңдеу зауыты тоғаны суынан 18-20 желтоқсан аралығында алынған сынама ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сараптама орталығының зертханасында зерттелді. Су санитарлық-гигиеналық нормативтерге сай деген қорытынды шығарылды. Бұл туралы Атырау облысы тауар және қызмет қауіпсіздігі және сапа департаменті басшысының міндетін атқарушы Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ хабарлады.

2018 жылғы желтоқсанда балықтардың жаппай қырылуынан кейін «Қазгидромед» қызметі облыстық әкімдікпен жасасқан келісімшарт бойынша Жайық суына жүйелі түрде тексеру жүргізіп келеді. Нормативтен ауытқулар анықталған жоқ.

Ал Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы филиалының директоры Ерболат КАДИМОВ «АЖ»-ға өлген балықты зерттеу нәтижелерін хабарлады:

- Зерттеуге жіберілген балықтардың барлығында физикалық бүліну бар – қабыршағы алынған, желбезектері үзіліп-кесілген. Ішкі мүшелерінде еш өзгеріс жоқ, бүлінбеген. Бауыры бүтін, ішегі сау, қансырамаған. Қорытынды: балық браконьер ауына түсіп өлген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

25 желтоқсан 2019, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.