Атырау, 23 қараша 17:46
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда президент шыршасы өтті

Сурет
3 711 просмотра

Бүгін, 24 желтоқсанда, Салтанат сарайында балаларға арналған дәстүрлі президент шыршасы жаңа жылдық кеші ұйымдастырылды. Шараға қала мен аудандардан 350 бала - аз қамтылған жанұяның балалары, ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандар және әр салада жетістікке жеткен үздік оқушылар қатысты.   

Жиналғандарды Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ құттықтады:

- Сабақтарыңызды жақсы оқып, биік шыңдарды бағындыра берулеріңізге тілекшімін. Сіздер үшін облыста барлық жағдай жасалған. Мысалы, келесі жылы оқушылар мен жастар сарайы пайдалануға беріледі.

Әр балаға тәтті сый-сыяпаттармен бірге Абай Құнанбаевтың шығармалар жинағы мен планшеттер сыйлыққа берілді.  

- Оқушылар бұл планшеттерді интернет ресурс ретінде ғана емес, оқулық құралы ретінде де пайдалана алады. Оның ішіне бастауыш сыныптан жоғары сынып оқушыларына дейін қамтитын  мектеп бағдарламалары орнатылған. Әр баланың сыйлығы 114 мың теңгенің көлемінде, - дейді Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының м.а. Жансұлу ТӨРЕМҰРАТОВА.

Ангелина ГАЙДУЛЛИНА, 4 сынып оқушысы.

- Бүгінгі шараға Махамбет ауданынан келдім. Жаңа жыл кешін жыл сайын асыға күтемін. Өйткені аяз атаға хат жазып, сыйлықтар аламын. Сол үшін сабағымды жақсы оқып, үлгілі болуға тырысамын. Биыл аяз атаға қуыршақ ЛОЛ сұрап хат жаздым, асыға күтіп жүрмін.

Биылғы президент шыршасының ерекшелігі жылдағыдай бүлдіршіндерді led-экран арқылы президент құттықтамады.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

24 желтоқсан 2019, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.