Нұрлан Ноғаевтың тұсында Атырау облысы әкімінің орынбасары болған Жұмабай ҚАРАҒАЕВ үкімет қаулысымен энергетика вице-министрі болып тағайындалды.
Ол қазіргі Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТІҢ бұған дейін атқарған энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі лауазымына ауысқан Мұрат ЖӨРЕБЕКОВТІҢ орнына тағайындалды.
Айта кетейік, вице-министр лауазымында Жөребеков Солтүстік-Каспий жобасында өнімді бөлу туралы келісімге де жетекшілік еткен болатын.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
Мәлімет
Жұмабай Ғаббасұлы Қарағаев 1971 жылы Атырау облысы Махамбет ауданында дүниеге келген. Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын «Мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша аяқтаған, техника ғылымдарының кандидаты. Атырау және Маңғыстау облыстарында бірқатар жеке компанияларды басқарды, кейін Атырау қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы; Атырау қаласы әкімінің орынбасары; Атырау облысы мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы; Атырау облысы ТКШ және энергетика басқармасының басшысы; Мақат ауданының әкімі болды. Осы жылдың қыркүйек айынан бүгінгі тағайындауға дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары болды, құрылыс және ТКШ саласына жетекшілік етті.