№2 қалалық соты Атырау полициясы басқармасының тергеу анықтаушысына қатысты үкім шығарды. Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган қызметкерлері жергілікті тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 40 мың теңге көлемінде пара алу кезінде ұстаған болатын.
- Сотталушы кінәлі деп танылды. Оған 1 млн 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және «полиция аға лейтенанты» атағынан айыру жазасы кесілді, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінде.
Фархат ӘБІЛОВ