Атырау, 23 қараша 20:10
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Облыстық прокуратурада бизнесті қорғайтын мобильдік топтар құрылды

2 556 просмотра


Атырауда облыс прокуратурасы жанынан мобильдік топтар құрылды. Олардың міндеті – бизнесмендердің құқығы бұзылып, заңды кәсіпкерлік іспен айналысуына кедергі келтіру туралы жазған арыздарына жедел түрде назар аударып, әрекет ету. Бұл топтар президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын бизнесті 3 жыл мерзімге тексеруден босату туралы тапсырмасынан кейін пайда болды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шағын және орта бизнесті заңсыз және себепсіз тексеру туралы телефон арқылы хабарлау да топтың жедел әрекет етуіне негіз бола алады. Сондай-ақ, мобильдік топтың кәсіпкердің құқығы бұзылғаны туралы ақпарат бойынша оқиға орнына жедел жетуге мүмкіндігі бар.

Құқықбұзушылықтар туралы  8 (7122) 27 07 78, 27 07 87; ұялы: 8 (701) 066 77 22 телефондары арқылы хабарлауға болады.

Фархат ӘБІЛОВ

23 желтоқсан 2019, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.