Атырау, 23 қараша 17:24
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысында шетелдік қызметкерлердің саны екі есеге қысқарды

3 158 просмотра


Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, қысқарту 37% пайызды құрады, 2019 жылы 17 мыңнан 10 567 (2020 жылы)  дейін қысқарды.

- Шетелдік жұмысшы күші 4 санатқа бөлінеді: бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары; құрылымдық бөлімшелер басшылары; мамандар; білікті жұмысшылар. Тағы да «маусымдық жұмысшылар» санаты  бар, -  деп нақтылады басқармада.

Санаттар бойынша қысқартулар былай болды: І санат бойынша 218-ден 88 рұқсатқа дейін;  ІІ санат бойынша 4798-ден 2369-ға дейін; ІІІ санат -  9729-дан 6858-ге дейін; ІV – 1291-ден 641-ге дейін, маусымдық қызметкерлер бойынша 964-тен  611-ге дейін.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 20 желтоқсанында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын кәсіпорындардағы еңбек және көші-қон заңнамаларының сақталуын тексеру қорытындысы бойынша олар үшін квотаның қысқартылатынын мәлімдеген еді.

«АЖ» бұдан бұрын Атырау облысында 16 кәсіпорында қазақстандық және шетелдік қызметкерлердің еңбекақыларының сәйкес келмейтіндігі бойынша 109 фактінің анықталғанын хабарлаған болатын. 14 компаниядағы 114 шетелдік қызметкердің білімі өздерінің лауазымдарына сәйкес келмейді; тағы да 167 шетелдік өкілетті органның рұқсатына сәйкес келмейтін  лауазымдарда жұмыс жасаған. 271 қылмыстық іс қозғалып, жалпы сомасы 81,6 млн теңге айыппұл салынған. Өкілетті органға 262 шетелдіктің жұмысшы рұқсатын қайтаруы жөнінде хат жолданған.  

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

16 қаңтар 2020, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.