Атырау, 23 қараша 17:55
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Маған есеп жүргізуді үйретіңіз

2 512 просмотра


Маркетинг және есеп жүргізу – міне, мұны Атыраудың шағын кәсіпкерлері  қуана-қуана үйренеді. Өзі атқарып отырған қызмет - бизнесті қаражатсыз қолдауға деген сұранысты талдаған Өңірлік кәсіпкерлер палатасы осындай қорытынды жасады.

- Біздің атқаратын қызметтеріміздің арасында маркетинг және бухгалтерлік есеп жүргізу кеңінен пайдаланылады. ЖК салық есебін жылына екі рет тапсыруы тиіс – әрине, кәсіптерін жаңа бастағандарда көптеген сұрақтар туындайды. Ал маркетинг негіздерін үйренуге сұраныстың артуының себебі кәсіпкерлерге несие және гранттар алу үшін сапалы бизнес жоспарлар қажет, - дейді өңірлік Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жанаргүл ЖОЛАМАНОВА.

- Өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлікті сервистік қолдау аясында 1970 өтініш бойынша қызмет көрсетілді. Олардың қатарында бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, статистикалық есеп құру, маркетинг мәселелері бойынша қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары бойынша қызметтер бар.

- «Бизнес-мектеп» бағдарламасы аясында оқыту жобалары халық арасында үлкен сұранысқа ие. Өткен жылы «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша офлайн режимінде 500-ден астам адам оқыды, ал 323 адам онлайн режимде білім алды. «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша 142 тыңдаушы оқытылды, жобалық оқыту бойынша – 110, - деп хабарлады ӨКП өкілі. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 қаңтар 2020, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.