Атырау, 23 қараша 13:28
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысы әкімінің орынбасарлығына жастар кадрлық резерві мүшесі тағайындалды

4 677 просмотра


Президенттің жастар кадрлық резервіне іріктелген 300 маманның қатарына кіретін Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тұрғыны Ержан ӘБЫЛХАНОВ Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Оны облыс активіне 17 қаңтар күні таныстырды.


1984 жылы туған Ержан Әбылханов «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Малайзия технологиялық университетінде оқыған. Осыған дейін ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры болып жұмыс істеді. Ол ҚР Энергетика вице-министрі лауазымына кеткен Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢ орнына  құрылыс және ТКШ саласына жетекшілік етеді.  

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

18 қаңтар 2020, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.