Атырау, 23 қараша 17:41
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Прокуратура енді тәулік бойы қабылдайды

2 886 просмотра


Атырау облысының прокуратурасы жанынан азаматтарды тәулік бойы қабылдайтын орталық ашылды. Прокурорлар мұнда кез келген уақытта нақты заң көмегін алуға болатынын айтады.

Орталықта ұжымдық өтініштерді қарау және күрделі істерді талқылау үшін арнайы кабинеттер ашылды. Сондай-ақ кезекші прокурор кабинеті мен мамандар бөлмесі бар.

- Азаматтардың қолайлылығы үшін орталық тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істейді. Тұрғындар кезекші прокурорлармен алдын ала жазылмай-ақ кездесе алады. Кезекші прокурордың компьютері құқық қорғау органдарының барлық ақпараттық базаларымен қамтылған, - дейді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана ПЕТЕРС.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылы прокуратураға екі мыңнан астам адам өтініш білдірген, 405 адам облыс прокурорының жеке қабылдауында болды.

Фархат ӘБІЛОВ

15 қаңтар 2020, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.