Атырау, 23 қараша 17:48
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сотқа негізгі куәгер келмеді

3 120 просмотра


№2 Атырау қалалық сотында өткен жылдың 21 қыркүйегінде Баймұханов көшесінде жасөспірімді қағып өлтірген Toyota Camry-50 көлігінің 22 жастағы жүргізушісіне қатысты сот процесі жалғасуда. Бұл іс бойынша куәгерлерден жауап алу белгіленген болатын, алайда басты куәгер - «Тойотамен» жарысқан қара «Мерседес» жүргізушісі - сот отырысына келмей қалды.

Хатшы сотқа төрағалық етуші Жұмағали ТАШИМОВҚА  куәгерлердің бірде-біреуінің телефон қоңырауына жауап бермейтінін және бұған дейін канцелярияға ешкімнің келмеу себебін ескертпегенін хабарлады. Ал сотталушы Данияр САТИЕВ отырысқа тергеу изоляторынан жеткізілді.

Бұдан кейін сөз алған айыпталушының адвокаты Сатиевтің өз кінәсін толығымен мойындағаны үшін прокурормен процессуалдық келісім жасау туралы ұсынысын айтты. Алайда жәбірленуші тарап бұл мәселені ашық қалдырып, соттан міндетті түрде «Мерседес» жүргізушісі Азамат МУХАМЕДИЕВТЕН жауап алуды сұрады.  

- Біз «Мерседес» жүргізушісінен жауап алуды сұраймыз, өйткені, бұл жарыс оның бастамасымен болған, ол да бұл оқиғаға кінәлі, - деді жәбірленуші тараптың өкілі Әсел НҰРҒАЗИЕВА.

- Куәгерлердің келмеуіне байланысты сот отырысы 20 қаңтарға қалдырылады, - деп сөзін қорытындылады судья Ташимов. Айыптаушы тарап Мұхамедивтің келуін қамтамасыз етуге уәде берді.

Фархат ӘБІЛОВ

14 қаңтар 2020, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.