Атырау, 23 қараша 16:44
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ембімұнайгаз» АҚ-да жаңа басқарма төрағасы

5 412 просмотра


16 қаңтарда «Ембімұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен АҚ басқармасының төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВТЫҢ өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл лауазымға Есен ҚАЙЫРЖАН тағайындалды.

Есен Қайыржан – Атырау облысының тумасы, 1985 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірді. Қосымша жоғары экономикалық және бизнес білімі бар. Еңбек жолын институтты бітірген бойда Маңғышылақта 5-ші разрядты слесар-жөндеуші болып бастаған. «Маңғышылақмұнай» бірлестігінде жөндеу-пайдалану жөніндегі инженер, мұнайды дайындау және айдау цехында аға механик, технологиялық қондырғылар машинисі болып жұмыс жасады. 1994 жылдан бастап «Южнефтегаз» МАҚ, АО «Құмкөл-Лукойл» АҚ-да басқарушы, «Торғай-Петролеум» АҚ  бас директоры, «Қаражанбасмұнай» АҚ және «БК «Қазгермұнай» ЖШС президенті болды. 2018 жылдан «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ жабдықтау және сатып алулар жөніндегі атқарушы директоры қызметін атқарды.

Дереккөздердің ақпараты бойынша, Әнуар Жақсыбеков «Урал ойл энд газ» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалған. Бұл серіктестік мұнай, газ және конденсат кен орындары ашылған Батыс Қазақстан облысындағы Федоров блогында геологиялық барлау жүргізеді. «Cooperative KMG EP.U.A.», «MOL Caspian Oil and gas» (MOL венгер ұлттық компаниясының  еншілес компаниясы) және «First International Oil Corparation Limited» (қытайлық Sinopec мұнай-газ компаниясының еншілес компаниясы) компаниялары ЖШС-нің серіктестері болып табылады.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

17 қаңтар 2020, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған