Атырау, 26 сәуір 21:01
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырауда үлкен сауда орталығы салынады

4 493 просмотра


Инстаграмдағы @ademaktashofficial парақшасында жуық арада үлкен «Atyrau shopping centre» сауда-ойын сауық орталығының құрылысы басталады деген ақпарат тұр.  Болашақ орталықтың макеті де сол парақшада жарияланды. Құрылысты түріктің JM Capital Holding компаниясы өзінің жеке инвестициясына жүргізбек.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінде бұл ақпаратты растады және жаңа сауда орталығының Нұрсая ықшамауданында, дәлірек айтқанда Әбілхайыр хан даңғылы,85а мекенжайы бойынша орналасатынын хабарлады. Ғимараттың жалпы алаңы 48 452 шаршы метрді құрайды. Қазір барлық қажетті құжаттарды дайындау жүріп жатыр.

Жалпы Атырауда үлкен мол құрылыстарын жүргізу туралы хабар бұдан бұрын да айтылған еді. Айталық, осыдан 6 жыл бұрын Turkmall (Түркия) инвестициялық және девелопменттік компаниясы өзінің сайтында «Форум» брендімен сауда орталығының құрылысын жоспарлап отырғанын жариялаған еді, ал осыдан бір жыл бұрын Chagala Group компаниясы Атырауда Ideal супермаркеттер желісі операторымен бірлесе «Лагуна центр» сауда орталығының құрылысы жөнінде келісімге қол жеткізгенін хабарлаған болатын. Алайда бұл орталықтар біздің қаламызда салынбастан қалды.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

16 қаңтар 2020, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.