Атырау, 6 желтоқсан 16:01
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Ананың көңілі балада

4 220 рет қаралды


18 қаңтарда Құлсары қаласындағы №18 мектепте ақылы ҰБТ жүріп жатқанда ата-аналардың бірі – 56 жастағы әйел қайтыс болды.

Әлеуметтік желідегі жазбаларға сенсек, ҰБТ-ға кіру кезінде қызының ұялы телефонын алып қойған, соған анасы қатты мазасызданыпты.

- Түскі 13.50 шамасында жедел жәрдемге шақырту түсті. Бригада дер кезінде жеткенімен, әйелді аман алып қалу мүмкін болмады. Өлім себептері анықталып жатыр, - дейді Жылыой аудандық жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі Ғалия ҚАЛИЕВА.  

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Әнуар ШАКИРОВ:

- Өкінішке орай, әйел адам қайтыс болды. Қылмыстық құрамның жоқтығына байланысты іс көтерілмеді. Алып-қашпа әңгіме көп, бірақ Құлсары қаласында ҰБТ екі күн бойы өз тәртібімен өтті, оқушыларға ешқандай қысым жасалған жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қаңтар 2020, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.