Атырау, 23 қараша 17:38
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жайық мұзы жұқа және өте қауіпті

Сурет
3 661 просмотра


Қазір Жайықтағы мұздың қалыңдығы небәрі 5-7 сантиметрді құрайды - өзенге немесе басқа да су тоғандарына шығу өте қауіпті.

- Биыл қыс әдеттегіден жылы, тіпті, қаңтар айының ортасында да мұз өте жұқа, - дейді Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары Асқар ЕРЖАНОВ. - Алдын алу жұмыстарына қарамастан, жыл басынан бері үш бала мұз астына түсіп, өмірлерімен қоштасты.

Ержановтың айтуынша, ТЖД қызметкерлері мұздың қалыңдығын күн сайын өлшейді. Қазір ең қауіпті орын – орталық көпірдің маңайы. Бірақ басқа жерлер де қауіпсіз емес.  

- Жайықтағы жағдай тұрақсыз. Кейбір жерлерде мұз жаңа ғана тұрса, ал бұрын қатқан жерлері еріп жатыр. Біз ересектердің де мұзға шықпауын өтінеміз. Әсіресе балаларға қатаң түрде тыйым салу қажет және оларды қараусыз қалдырмауымыз керек, - деді Ержанов.

Фархат Әбілов 

Суретті түсірген автор

16 қаңтар 2020, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.