Атырау, 23 қараша 13:38
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда бомба туралы телефон қоңырауынан кейін мектеп аумағы қоршауға алынды

Толықтырылды
3 235 просмотра


«АЖ» дереккөздерінің хабарлауынша, 17 қаңтарда кешкі сағат сегіздер шамасында Атырауда "102" пультіне Привокзальныйдағы №27 мектептің ғимаратында жарылғыш қондырғы қойылды деген қоңырау шалынған. 

Полицейлер мектепті қоршауға алып, жедел қызмет ғимарат ішін тексерді. "Жедел жәрдем" мен ТЖД оқиға орнына келіп жетті. Егер бұл шақырту жалған болып шықса, онда "әзілкеш" ұсталған жағдайда оған 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағылады. 

 «АЖ-ға» белгілі болғанындай мектеп ғимаратынан жарылғыш құрылғы табылмады, қоңырау жалған болып шықты. Сол уақыт аралығында полиция қызметкерлері ҰҚКД бірлесе отырып, қоңырау соққан жергілікті тұрғынды ұстап үлгерді. 

Енді телефон террорисіне қатысты ҚР ҚК 273 бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалады. Енді ол бас бостандығынан айырылуымен қоса "шақырту" бойынша келген құқық қорғау органдарының шығындарын да өтейтін болады. 

Айта кету керек, соңғы екі жылда Атырауда жарылғыш құрылғылар туралы  кем дегенде 8 жалған хабарлама тіркелген. Барлық қаскүнемдер ұсталып, тиісті жазаларын алған. 

«AЖ»-ға ұсталған телефон «террорисінің» 45 жаста екені белгілі болды. Тергеу амалдары жүріп жатыр, сот үйқамаққа алуға санкция берді.

Фархат ӘБІЛОВ


19 қаңтар 2020, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.