19 қаңтарда кешкі сағат төрттер шамасында Атыраудағы Сарыөзек ауылы тұсында Lada ВАЗ-2114 және DAW жүк көлігі бетпе-бет соғысты. ЖКО салдарынан оқиға орнында жеңіл автокөліктегі 3 жолаушы қаза болды.
«АЖ» ақпараты бойынша, қаза болғандардың үшеуі де (1978, 1981 және 1998 ж.т.) Исатай ауданының тұрғындары - ерлі-зайыптылар мен олардың 21 жастағы туысқаны - болып шықты. «ВАЗ-2114» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға орналастырылды.
Атырау облысы полиция департаменті ҚР ҚК-нің 345-бабы, 4-тармағы («Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғатын көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Фархат ӘБІЛОВ