Атырау, 22 маусым 04:42
 дождьВ Атырау +21.8
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Атырауда

Енді мұғалімдерді де сынақтан өткізеді Басқа жаңалықтар

Енді мұғалімдерді де сынақтан өткізеді

ҰБТ-ға дайындық кезінде мұғалімдер де оқушылармен бірге сынақтық тестілеуден өтеді. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Зылиха ДҮЙСЕКЕНОВА Орталық коммуникациялар қызметінің жергілікті бөлімшесінде болған баспасөз конференциясында айтты. 30 қыркүйек 2015, 10:37 4 058 рет қаралды
Сарайшықта өткен Қазақ хандығының 550 жылдығы Мәдениет

Сарайшықта өткен Қазақ хандығының 550 жылдығы

Сарайшық ауылындағы жеті хан кесенесі маңындағы алаңда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, Ресей, Қытай, Үндістан және басқа елдерден келген түркітанушы ғалымдар, өнер және мәдениет қайраткерлері, шетелдік қонақтар қатысты. 29 қыркүйек 2015, 15:57 4 578 рет қаралды
Қаланы кім улап жатқанын білеміз бе? Басқа жаңалықтар

Қаланы кім улап жатқанын білеміз бе?

Экология департаменті 19, 21 және 22 қыркүйек күндері түнде атмосфераға жіберілген лақтырындылар фактісі бойынша табиғатты пайдаланушыларды тексеріп жатыр. Бұл туралы департамент басшысы Қанат ҚАЛМАХАН редакциялық сұрау хатымызға жауабында хабарлады. 28 қыркүйек 2015, 11:45 1 771 рет қаралды
«Жаңа тарифтер бизнесті өлтіреді!» Басқа жаңалықтар

«Жаңа тарифтер бизнесті өлтіреді!»

Монополистердің алдағы уақытта тарифтерді көтеру тұрғысындағы шағын және орта бизнес мәселелері «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалындағы сарапшылар тобының отырысында талқыланды. 28 қыркүйек 2015, 12:12 1 652 рет қаралды
Шындықты тек онлайннан табасың Экология

Шындықты тек онлайннан табасың

Сәрсенбіде, 23 қыркүйекте «Ренессанс» қонақ үйінде Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компании Н.В.» (NCOCN.V.) 2016 жылғы табиғат қорғау іс-шаралары жоспары бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. 28 қыркүйек 2015, 11:03 5 286 рет қаралды
​«Уорли Парсонста» қызметкерлер қысқартылып жатыр Басқа жаңалықтар

​«Уорли Парсонста» қызметкерлер қысқартылып жатыр

Редакциямызға «Уорли Парсонс Қазақстан» мұнай сервистік компаниясы қызметкерлерінен жергілікті қызметкерлерді қысқарту жүріп жатырғаны туралы хат келді. Біздің сұрау хатымызға берген жауабында компания басшылары фактіні растағанымен, оны басқаша айтып отыр. 25 қыркүйек 2015, 16:48 2 048 рет қаралды
​Атырауды жақсы көресіз бе? Міне, көрінісі Басқа жаңалықтар

​Атырауды жақсы көресіз бе? Міне, көрінісі

Тағы бір вандализм актісі Смағұлов даңғылында орын алды. Бір айға жуық уақыт бұрын орнатылған, туған қалаға деген махаббаттың символына айналған үлкен жүрек қала тұрғындарының фотоға түсетін сүйікті орнына айналған-ды. 25 қыркүйек 2015, 16:09 3 574 рет қаралды
Қысқа маршруттар көбейсе игі Басқа жаңалықтар

Қысқа маршруттар көбейсе игі

Атырау қаласының әкімдігі тәжірибе жүргізуде: Нұрсая – «Дина» базары бағытындағы №4 автобустардың бірі қысқартылған аумақ бойынша – Бейбарыс сұлтан даңғылы бойынша тіке жүреді. Бұл автобус маршруттық такси мәртебесін алды. Жолақы үшін жолаушылардан басқа қоғамдық көліктерге қарағанда екі есе көп, яғни 100 теңге алынады. Алайда Нұрсая ықшамауданының тұрғындары пилотты жобаны жақсы бағалады. 25 қыркүйек 2015, 15:32 2 083 рет қаралды
​Жанбайлық детектив Басқа жаңалықтар

​Жанбайлық детектив

Исатай ауданының орталығы Аққыстаудан 20 шақырымнан астам жерде, теңізге жақын орналасқан Жанбай ауылы туралы атыраулықтарда бұл нағыз браконьерлер ауылы, тұрғындары қатал, сырттан келген бөтен адамдарды жақтырмайды деген пікір қалыптасқан. Балық қорғау инспекциясының қызметкерлеріне де қол жұмсаған кездер болған, алайда, бұл аштық пен жұмыссыздық жайлаған 90-жылдары болған дейді... 24 қыркүйек 2015, 00:00 7 557 рет қаралды
Жауап алудан кейінгі өлім Басқа жаңалықтар

Жауап алудан кейінгі өлім

Тамыз айында Атырау қаласының жағалауындағы шам бағанасында асылып қалған жас жігіттің атышулы ажалды оқиғасы кездейсоқ жалғасын тапты: қайтыс болған жігіттің екі дос қызы қамауға алынды. Қыздардың адвокаттары оларға өлім қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді. 24 қыркүйек 2015, 00:00 5 667 рет қаралды
​Бұл су өмірімізді сақтайды Басқа жаңалықтар

​Бұл су өмірімізді сақтайды

Тамыз айында Жайық суының кездейсоқ жасыл тартуы облысымыздағы қалыпты сумен қамту саласына қауіп төніп тұрғанын көрсетті. Өзеннің тайыздануы, мәселені шешуде ресейлік тарапқа басыбайлығымыз ауыз судың балама көздерін іздеуге мәжбүрлейді. Жалғыз шешім – жерасты су қорларын пайдалану. Алайда, Атырау облысындағы ауыз су кеніштерінің тек екеуі ғана ішуге жарайды, өйткені, аз минералданғандар қатарына жатады. Бұлар – Жылыой ауданындағы «Бали» және «Жаңасу» (стратегиялық қорлар). Алайда, анықтағанымыздай, «Жаңасу» ірі кен орнының суын басқа мақсаттарға пайдалану жоспарланып отыр, ол аз дегендей, судың 70-80%-ы Маңғыстау облысына кетуі мүмкін. 24 қыркүйек 2015, 00:00 5 216 рет қаралды