15 сәуірде Атырау облысында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 4,3 млрд теңгеге 699 өтініш берілді. Оның ішінде 2,4 млрд теңгеге 439 өтініш мақұлданды және 341 қарыз қайта қаржыландырылды.
Естеріңізге салсақ, ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу үшін Ұлттық банк 130 млрд теңге сомада "Проблемалы несиелер қоры" АҚ-ын капиталдандыруды жүзеге асырған еді. Өз кезегінде Қор бұл қаржыларды екінші деңгейлі банктердің депозиттеріне жылдық 2,99 пайызбен 20 жыл мерзімге орналастырды. Осы бағдарламаға сәйкес, 2004-2009 жылдар аралығында доллармен және теңгемен алынған ипотекалық қарыздар қайта қаржыландырылуға жатады. Банктердің "Проблемалы несиелер қоры" АҚ-ның салымын игеру мерзімі - 2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін.
Зульфия ИСКАЛИЕВА