Атырау, 18 қазан 13:00
 дождьВ Атырау +14
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Атырауда

Атыраудағы дренаж: әдістер бойынша тәжірибе жүргізілуде Басқа жаңалықтар

Атыраудағы дренаж: әдістер бойынша тәжірибе жүргізілуде

25 сәуірде «Атырау гидрогеология» ЖШС Бейбарыс даңғылында алдын ала жұмыстарға кірісті. Бұл жұмыстың нәтижелері осы учаскені судан құрғатуға, ағаштардың дұрыс өсуіне қандай жүйенің көмектесетіндігі туралы жауап алуға мүмкіндік береді. 27 сәуір 2016, 11:20 3 930 рет қаралды
Мұхтар Шаханов атыраулық студенттермен кездесті Қоғам

Мұхтар Шаханов атыраулық студенттермен кездесті

22 сәуір күні Атырау мұнай және газ институтында ақын, қоғам қайраткері, «Жалын» журналының бас редакторы, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы Мұхтар ШАХАНОВТЫҢ студенттермен кездесуі өтті. 27 сәуір 2016, 10:01 10 280 рет қаралды
Атыраудағы митинг қарары 2 күннен соң Ақордаға жолданады Басқа жаңалықтар

Атыраудағы митинг қарары 2 күннен соң Ақордаға жолданады

Әлеуметтік желілерде ел президенті мен парламентарийлерінің атына Атырау облысы тұрғындары мен қала қонақтарының атынан авторы көрсетілмеген Ашық хат мәтіні тараған еді. 24 сәуірде Атырауда Исатай-Махамбет алаңында өткен рұқсат етілмеген митингке бұл мәтіннің қатысы жоқ. 26 сәуір 2016, 15:19 5 047 рет қаралды
Өзімдікі болмаса да маңызды әрі қажет. Жер туралы... Басқа жаңалықтар

Өзімдікі болмаса да маңызды әрі қажет. Жер туралы...

Жерімізді сатуға қарсылық білдіріп, митингке шыққандардың наразылығына жауап ретінде көптеген құрметті френдтер оларға «қауіптенулеріңіз негізсіз, сабыр сақтаңыздар, жерді сатпайды, бар болғаны 25 жылға жалға береді» деп жазуда. Бұған көз жеткізбек болып қазір ғана Жер кодексін оқып шықтым. 26 сәуір 2016, 16:25 2 661 рет қаралды
Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі: «Митинг белсенділеріне қатысты ешқандай іс қозғалған жоқ». Атырау қаласының прокуроры Р. Құттықов: «қылмыстық істер ашылған да жоқ» Басқа жаңалықтар

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі: «Митинг белсенділеріне қатысты ешқандай іс қозғалған жоқ». Атырау қаласының прокуроры Р. Құттықов: «қылмыстық істер ашылған да жоқ»

«АЖ»-ға Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА хабарлағандай, Атырауда Исатай мен Махамбет алаңында өткен митингке қатысушы Макс БОҚАЕВҚА, Талғат АЯНҒА және басқа белсенділерге ешқандай сотқа дейінгі терегу жүргізіліп жатқан жоқ. Шұғыл Толықтырылды 26 сәуір 2016, 09:42 6 106 рет қаралды
Билік Нұрсаядағы концерт залын жеке кәсіпкерлер есебінен салып бітіруге үміттенеді Басқа жаңалықтар

Билік Нұрсаядағы концерт залын жеке кәсіпкерлер есебінен салып бітіруге үміттенеді

Облыстық әкімдіктегілер «АЖ» редакциясының Нұрсая ықшамауданындағы құрылысы бітпей қалған концерт залы мен 100 орындық монша кешенінің әрі қарайғы тағдыры туралы жолдаған сауалына жауап берді. Оларға кезінде миллиардтаған бюджет теңгесі жұмсалған еді. 26 сәуір 2016, 17:50 2 465 рет қаралды
29 сәуірде Ұлттық киім күні өтеді Басқа жаңалықтар

29 сәуірде Ұлттық киім күні өтеді

Бір жыл бұрын әлеуметтік желілерде Қазақтың ұлттық киімі күнін өткізу бастамасы аясында ұйымдастырылған акцияны қолдаушылар көп болды. Акцияны өткізу дәстүрге айналды. Биыл осы жұмада, 29 сәуір - Ұлттық киім күні болып белгіленді. 26 сәуір 2016, 17:09 3 504 рет қаралды
Олжас Құдайбергенов: Жер кодексін өзгерту керек Басқа жаңалықтар

Олжас Құдайбергенов: Жер кодексін өзгерту керек

Өткен жексенбіде Атырауда Исатай мен Махамбет алаңында өткен митингіге қатысушылар Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ атына «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» 2015 жылдың 2 қарашасындағы №389-V З ҚР Заңымен ҚР Жер кодексіне қосылған нормаларды, яғни жерді 25 жылға шетелдік азаматтарға және заңды тұлғаларға жалға беру, сонымен бірге жерді жаппай аукционда сатуды өткізуге 2016 жылдың 21 мамырына дейін тыйым салу талабымен жазылған Резолюцияның астына қол жинады. 26 сәуір 2016, 10:13 3 057 рет қаралды
​Жер сатылымға шығарылады: Атырауға Экономика министрлігінен насихаттық топ келді Басқа жаңалықтар

​Жер сатылымға шығарылады: Атырауға Экономика министрлігінен насихаттық топ келді

20 сәуір күні Атырауға ҚР Ұлттық Экономика министрлігінің жұмыс тобы келіп, жаңа Жер кодексі тақырыбында брифинг өткізді. Ол заңды күшіне биыл 1 шілдеден бастап енеді. Онда мемлекеттік жерді сату және жалға беру қарастырылған. Кодекстің дәл осы нормасы, сондай-ақ, бір миллионнан аса гектар жердің шетелдіктерге сатылуы мүмкіндігі туралы ақпарат қоғамды дүрліктірді. 21 сәуір 2016, 12:58 17 219 рет қаралды
​Облыстық музейде көне Сарайшық туралы кітап таныстырылды Басқа жаңалықтар

​Облыстық музейде көне Сарайшық туралы кітап таныстырылды

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Алтын Орда мен Ноғай Ордасының бас қаласы, Қазақ хандығының астанасы болған Сарайшық қалашығына қатысты ХІV ғасыр мен ХХ ғасырдың 80-ші жылдарына дейін жазылған деректер жинақталған «Сарайшық – бабалар мұрасы» кітабының таныстырылымы өтті. 26 сәуір 2016, 10:46 2 849 рет қаралды
​Сол күні Жер Кодексіндегі өзгерістерге қарсы митинг Құлсарыда да өтті Басқа жаңалықтар

​Сол күні Жер Кодексіндегі өзгерістерге қарсы митинг Құлсарыда да өтті

24 сәуір күні күндіз Атырау облысы Құлсары қаласының орталығында да ҚР Жер кодексіндегі өзгерістерге қарсы рұқсат етілмеген митинг өтті. Оған үш жүздей адам қатысты. 25 сәуір 2016, 15:17 5 860 рет қаралды
Атырауда өткен көп адам жиналған 4 сағаттық митинг облыс әкімінің уәдесінен кейін аяқталды Басқа жаңалықтар

Атырауда өткен көп адам жиналған 4 сағаттық митинг облыс әкімінің уәдесінен кейін аяқталды

Бүгін, 24 сәуірде Атырауда Исатай-Махамбет алаңында 100-ден астам адам рұқсат етілмеген митингке шықты. Олар жерді сатуға және шетелдіктерге жалға беруге мүмкіндік беретін Жер кодексіндегі өзгерістерге қарсы наразылық білдіруде. Сурет Бейнежазба 24 сәуір 2016, 13:46 23 518 рет қаралды
Жол жөндеу: жылға жетпей бұзылатын жамаулар Басқа жаңалықтар

Жол жөндеу: жылға жетпей бұзылатын жамаулар

Түркияның шалғай елді мекенінде тұратын тұрғын әкімшіліктің назарын аудару үшін поселке жолындағы шұңқырларға ағаштардың көшеттерін отырғызыпты (суретте). Атыраудағы кейбір жолдарға осы принцип бойынша тұтас аллея отырғызуға болады. 25 сәуір 2016, 15:27 2 965 рет қаралды
Жарық тарифін көтеруден бас тартылды Басқа жаңалықтар

Жарық тарифін көтеруден бас тартылды

ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау Энергосату» ЖШС-нің электр энергиясының тарифін көтеруден бас тартты. 25 сәуір 2016, 14:43 1 883 рет қаралды
​Шетелдік компаниялар баж салығынан босатылған. Ал біздің қай жеріміз кем? Экономика

​Шетелдік компаниялар баж салығынан босатылған. Ал біздің қай жеріміз кем?

22 сәуірде Атырауда энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ пен Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ қатысуымен өткен өңірлік кеңесте жер қойнауын пайдаланушылардың экологиялық нормаларды сақтау мәселелері, сонымен қатар, қазақстандық мұнай-сервис компанияларының проблемалары талқыланды. 23 сәуір 2016, 12:55 6 749 рет қаралды
​Еуропалықтар Елтайда күн электр станциясы мен жылыжайды бір жылдың ішінде салып бітіреді Басқа жаңалықтар

​Еуропалықтар Елтайда күн электр станциясы мен жылыжайды бір жылдың ішінде салып бітіреді

Біздің облысымыз үшін ауқымды Индер ауданындағы инвестициялық жоба үшін Еуропа мен Ресей арасында енгізілген санкцияларға борыштымыз. «Атырау» ӘКК ҰК» АҚ қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жаңа инвестициялық жобалар туралы оның басшысы Абат ТАСИМОВ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әңгімеледі. 22 сәуір 2016, 23:04 3 756 рет қаралды