Салтанатты шаралар абақтыларда да өтіп тұрады. Батыс өңіріндегі бірден бір УГ-157/11 әйелдер колониясында сұлулық байқауы өтті.
Бұл байқау осы мекемеде жыл сайын өтіп тұрады. Байқауға 5 қыз қатысты. Олар бірнеше байқау кезеңдерінен өтіп, өз жасақтарының намысын қорғады. Би, вокал, қолөнер сайыстарында өнер көрсетіп, шетелдік жұлдыздардың пародиясын салды. Қыздар "Көктем аруы - 2016" атағынан басқа, 30 мың теңге ақшалай жүлдені иелену үшін бақтарын сынады.
Тартыс соңына дейін сақталды, алайда колония қызметкерлерінен құралған қазылар, олардың пікірлерінше, ең тартымды және ең сүйкімді аруды таңдады. Тәжді Жадыра ӘЛІМБАЕВА иеленді. Екінші орын мен 20 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай жүлдені Ақнұр БАЙСАРИЕВАҒА табыс етті, үшінші жүлделі орын мен 10 мың теңге Инесса СТАБАЕВАҒА бұйырды. Қалған екі қатысушы қызу қошемет пен жұбату сыйлықтарын қанағат тұтты.
Марат ТАКУЛИН
Суретті түсірген автор