Атырау, 29 қараша 03:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

29 сәуірде Ұлттық киім күні өтеді

3 203 просмотра

Image 0

Бір жыл бұрын әлеуметтік желілерде Қазақтың ұлттық киімі күнін өткізу бастамасы аясында ұйымдастырылған акцияны қолдаушылар көп болды. Акцияны өткізу дәстүрге айналды. Биыл осы жұмада, 29 сәуір - Ұлттық киім күні болып белгіленді.

Естеріңізге салсақ, 2015 жылдың наурызында энтузиасттар тобы қазақстандықтарға жыл сайын сәуірдің соңғы жұмасында жаңа бүкілхалықтық мерекені атап өту ұсынысын жасаған еді. Идея шарты бойынша, ұлттық киім тек әдет-ғұрып жоралғысы ғана емес, күнделікті киімнің бір бөлігіне айналу үшін міндетті түрде жұмыс күні болуы тиіс. Өткен жылы бейресми мерекені жұмыстарына кәжекей мен шапан киіп барған мыңдаған қазақстандықтар қолдаған еді.

Мейрам шеңберінде «Ел-шапан» акциясы өтті. Алматыға еліміздің түкпір-түкпірінен халқымыздың бірлігіне, өркендеуіне және бейбітшілікке тілектер жазылған мата қиындысы жеткізілді. Осылайша халық бірлігінің белгісі ретінде кең шапан біріктірілді.

29 сәуірге Ұлттық киім күніне орай флеш-моб белгіленді. Мерекені ұйымдастыру комитеті есеп беру ретінде фотосуреттерді әлеуметтік желілерде ‪#‎Qday; ‪#‎qazaqkiymday; ‪#‎qazaqkiymkuni; ‪#‎dayofnationalcloth; #‎29aprilqazaqkiym; ‪#‎kazakhclothday; ‪#‎қазақшаселфи; ‪#‎қазақкиімкүні тегтерімен салуды ұсынады.

2016 жылы қазақ ұлттық киімі күніне әзірлік және оны өткізу туралы сіздер https://www.facebook.com/events/1329369483745149, https://vk.com/kazak_kiim_kunihttps://www.instagram.com/qazaq_kiym_kuni әлеуметтік желілерден толығырақ біле аласыздар.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

26 сәуір 2016, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.