Атырау, 29 қараша 03:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Билік Нұрсаядағы концерт залын жеке кәсіпкерлер есебінен салып бітіруге үміттенеді

2 205 просмотра

Концерт залының аяқталмаған құрылысы. "АЖ" мұрағатынанОблыстық әкімдіктегілер «АЖ» редакциясының Нұрсая ықшамауданындағы құрылысы бітпей қалған концерт залы мен 100 орындық монша кешенінің әрі қарайғы тағдыры туралы жолдаған сауалына жауап берді. Оларға кезінде миллиардтаған бюджет теңгесі жұмсалған еді.

Екі нысанға тапсырыс беруші «Атырау облыстық құрылыс басқармасы» ММ болып табылады. «Концерт залының құрылысы артық төленуге байланысты тоқтатылды, - делінген хатта. – «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандарының бұрын орындалған жұмыстардың құрылыс нормаларына сәйкестігін тексеру жұмыстары кезінде, кейбір салынған болат және темір-бетон құрылымдарының жобалау шешімдері мен қауіпсіздік талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Қазіргі уақытта жобаны мемлекеттік-жеке серіктестік механизмінің көмегімен немесе жеке инвестициялар есебінен аяқтау нұсқасы қарастырылуда.

Монша кешенінің құрылысы қылмыстық істің қозғалуына байланысты тоқтатылған еді. Нысанды мердігері тастап кетті, ал құрылыс басқармасы біржақты тәртіппен мердігерлік келісімшартты бұзды. Бұл нысанды да мемлекеттік-жеке серіктестік көмегімен немесе жеке инвестициялар есебінен аяқтау жоспарланған». Хатта мерзімдер көрсетілмеген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА
26 сәуір 2016, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.