Атырау, 29 қараша 03:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атыраудағы дренаж: әдістер бойынша тәжірибе жүргізілуде

3 582 просмотра


25 сәуірде «Атырау гидрогеология» ЖШС Бейбарыс даңғылында алдын ала жұмыстарға кірісті. Бұл жұмыстың нәтижелері осы учаскені судан құрғатуға, ағаштардың дұрыс өсуіне қандай жүйенің көмектесетіндігі туралы жауап алуға мүмкіндік береді.

Осы жоба туралы «Атырау гидрогеология» ЖШС бас директорының жаңа технологиялар бойынша кеңесшісі Едіге САБУРОВ «АЖ»-ға әңгімелеген еді. Жүйе осы аймақта тиімді жұмыс істей ме, егер істесе, кейін дренаж жүйесін жобалау үшін бүкіл гидрогеологиялық параметрлерді анықтау мақсатында бұл жерде бірнеше ұңғыманы бұрғылау, топырақтың, судың құрамын зерттеу жоспарланып отыр.

Бірінші ұңғыманы бұрғылау оң нәтиже бермеді – 5 метр және одан төмен тереңдікте су болмады. Алайда гидрогеологтар жабырқамады, біріншіден, мұның өзі де жауап еді. Ал екіншіден, кезекте тағы бірнеше ұңғыма бар.

- Біз көгалдандыратын №2 мектеп ауласында да су жоқ, кілең саз. Шамасы, бір жерде тұзды су бар, бірақ тереңде, 15-20 метр тереңдікте шығар, - дейді Е.Сабуров. – Мұндай жағдайда не істеу керек, аумақты қалай көгалдандыруға болады деген сұрақ туындайды. Біздің гидрогеологтар ұзақ ойланып, мынаны ұсынды. Капилляр бойынша тұзды су жоғарыға көтеріледі, ал капиллярлық көтерілу тек су беті болған кезде, яғни, бос су болғанда ғана жүреді. Біз жоғарыдан капиллярлық қозғалысты төменге жіберетін су бетін жасадық. Шұңқыр қазып, шамамен 30 см-не оларды құм топырақпен толтырдық, оған су толтырып құйдық. Яғни, бос су жасадық. Енді тұщы су капилляр бойымен төменге жүреді. Біздің тұщы суымызға ауырлық күші көмектесетіндіктен, ол тұзды суды төменге ығыстырады. Капиллярлық қозғалыс үнемі болуы тиіс, сондықтан біз топырақты құммен араластырып, тамшылатқыш қойдық. Біз тұзды суды төменге итеретіндей тұщы су жіберуге тиіспіз, бірақ ол қажетті деңгейден аспауы керек. Күніне екі рет 2 минуттан сорғы су жібереді, жазда қарқындылығы мен ұзақтығы 3 минуттан 5 есеге дейін көбейтілетін болады. Тұщы су үнемі келіп тұрады және тұзды суды ығыстырып шығарады. Міне, осындай әдемі теория бар, осыны біз қазір тәжірибеде сынаудамыз.

Бәлкім, осы көгалдандыру әдісі Бейбарыс даңғылына да енгізілетін шығар. Гидрогеологтар даңғылда су жоқтығына риза және бұл жерде өздерінің дренаж тәсілін сынай алмайтындығына өкпелі.

- Демек, бұл жерде суды жоғарғы қабаттан жинау керек пе?

- Иә, саз суды қабылдамайды және оны сыртқы қабаттан төменге өткізбейді. Осы учаскеден оны нөсерлі кәріз жүйесі әдісімен жинау керек.

Жұмыс барысына қатысқан қала әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИН сынама учаскелер облыстық әкімдікте дренаж бойынша жақында өткізілген кеңеске қатысқан басқа да ғалымдарға ұсынылатынын айтты («АЖ» №16, 21 сәуір, «Атырау үшін жаңа технология ойлап табуымыз керек»).

Ақтөбелік гидрогеологтар Сарықамыспен айналысады, мәскеулік ғалымдар Привокзальныйдағы немесе Алтынсарин атындағы мектеп маңындағы учаскені таңдайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор
27 сәуір 2016, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.