Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Алтын Орда мен Ноғай Ордасының бас қаласы, Қазақ хандығының астанасы болған Сарайшық қалашығына қатысты ХІV ғасыр мен ХХ ғасырдың 80-ші жылдарына дейін жазылған деректер жинақталған «Сарайшық – бабалар мұрасы» кітабының таныстырылымы өтті.
Кітапқа Сарайшық жөніндегі ғалымдардың, саяхатшылардың, өлкентанушылардың және басқа да зерттеушілердің бұрыннан белгілі және белгісіз болған барлығы 26 дерегі, сонымен қатар, ішінде фотосуреттер мен сызбалар, зерттеушілер қолданған ортағасырлық карталар енгізілген.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИН