ТЖД кезекшісінің пультіне үрейленген үй тұрғындарынан сағат 13.15-те хабарлама түскен. ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, 200 шаршы метр көлемдегі шатыр бөлігіне зақым келген (жалпы алаңы 660 шаршы метр). 45 пәтерлік үй 2015 жылдың маусымында мемлекеттік «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша тапсырылған еді.
– Бастапқыда үй құрылысын салушы мердігер «Амантас» ЖШС болды. Алайда мерзімдердің әлденеше рет кейінге шегерілуіне байланысты ол сотта алақол қызмет жеткізуші деп танылды. Үйдің шатырын осы фирма салды. Қалған жұмыс бөлігін жаңа мердігер – «Арыс-2020» ЖШС жүргізді. Таяу уақытта біз ақаулық тізімдемесін әзірлеп, зиян сомасын есептеп, оны кім өтейтіндігін шешетін боламыз. Әзірге жөндеу жұмыстарын «Арыс-2020» ЖШС жүргізетін болады, - дейді қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әлем УӘЛИЕВ.
Қазір үй жан-жақтан ескерту лентасымен қоршалып тұр. ТЖД қызметкерлері құрылысшылармен бірге жөндеу жұмыстарын бастауға тырысты. Алайда желді ауа райында бұл мүмкін болмады. Қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Өмірбек КАМАЛОВТЫҢ айтуынша, алдымен бүлінген жерлерді бұзып, содан кейін қайта салу керек болады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА