Атырау, 17 желтоқсан 22:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Жарық тарифін көтеруден бас тартылды

1 785 рет қаралды

ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау Энергосату» ЖШС-нің электр энергиясының тарифін көтеруден бас тартты.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, 29 наурызда «Атырау Энергосату» ЖШС-нен электр энергиясымен қамту қызметінің бағасын көтеру туралы хабарлама түскен.

«Атырау Энергосату» ЖШС электр энергиясын қамту қызметінің орташа өткізу бағасын 1 кВт/сағат үшін 13,85-тен 14,84 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) көтеруді жоспарлаған. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің сараптау кеңесінің отырысында монополисттің дәлелдері тыңдалып, олар көңілге қонымды дәлелдер деп танылмады.

Осыған байланысты 19 сәуірде «Атырау Энергосату» ЖШС алдағы уақытта электр энергиясымен қамту қызметінің бағасын көтеретіндігі туралы хабарламасын қайтарып алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
25 сәуір 2016, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.