«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Атырау облысындағы «Ұлттық индустриалдық мұнайхимия технобағы» инфрақұрылымы нысандарын (Қарабатан мен Теңіз учаскелері) салу жобасының қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалауға арналған қоғамдық тыңдау өткізді.
Ұлттық индустриалдық мұнайхимия технобағы (ҰИМТ) ҚР президенті жарлығының және бірқатар үкімет бағдарламасының негізінде құрылды. Ол үшін Атырау қаласының аумағынан да (қалалық билік бірден АМӨЗ сыртынан
Мұнайхимия бағына арнайы экономикалық аймақ (АЭА) мәртебесі берілді. Атырауда АЭА Қарабатанда зауыттардағы шикізаттар негізінде полимер өнімдерін ақырғы өңдеу үшін қарастырылған
(KPI – полипропилен, KLPE – полиэтилен, BD – бутадиен).
АЭА-ның негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін «“ҰИМТ" АЭА БК» АҚ басқарушы компаниясы құрылды. Оның қызметіне индустриалды бақты басқару және оның резидент-зауыттарына қызмет көрсету, сонымен қатар жалпы АЭА-ның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операциялық және басқа шаруашылық қызметтерін жүргізу кіреді.
«Karabatan Utility Solutions» ЖШС ҰИМТ АЭА-ны дамыту үшін өндірістік және жалпызауыттық инфрақұрылымды құруға тиіс. Бұл компания, атап айтқанда, резидент зауыттарды газтурбина электр станциясы, су дайындау және ағынды суларды тазарту құрылғысы, азот және сығылған ауа шығаратын қондырғы, сыртқы инженерлік сумен қамту және су бұру, электрмен қамту, газбен қамту, байланыс коммуникацияларының инфрақұрылымы, кірме көлік және темір жолдары, жөндеу цехы, жылу қазандығы, буландыру тоғаны, қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны және т.б. секілді жалпы инфрақұрылым нысандарымен қамтамасыз етеді.
Инфрақұрылым нысандарын Жылыой, Қызылқоға және Мақат аудандарының аумақтарына орналастыру белгіленген. Қарабатан мен Теңіз алаңдарын Астрахан-Маңғышлақ магистралды су таратқышынан сумен қамту қарастырылып отыр.
Ағынды суларды тазарту қондырғысы арқылы Қарабатан алаңынан су бұру қарастырылып отыр.
Жобалаушылар растағандай, ағынды суларды тазарту үшін нөлдік сұйық лықсыма (НСЛ апатты буландыру тоғанымен бірге) жүйесі қолданылған, бұл тұтынылатын өзен суының көлемін 10-15 пайызға азайтуы, сондай-ақ экологияға зиянды әсер деңгейін төмендетуге тиіс.
ҰИМТ АЭА-ғын 12 МВт көлемінде сыртқы электрлік қамту қолданыстағы 2x16МВА ПС 110/35/10 кВ трансформаторларына жалғанған 110 кВ әуе желісі арқылы қарастырылады. Қарабатан алаңын Мақат – Солтүстік Кавказ магистралды газ құбыры арқылы газбен қамту қарастырылған.
АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАҒА ӘСЕРІ
Пайдалану кезеңінде атмосфералық ауа сапасына өндірістік нысандардың шығарындылары едәуір әсер ететін болады. Бүкіл нысандар пайдаланылған кезде 4 жиынтық тобын түзетін 13 атаудағы зиянды заттар бөлінеді. Пайдалану кезеңінде атмосфераға тасталатын зиянды заттардың жиынтық шығарындылары жылына 66,56 т құрайды.
ҚАЛДЫҚТАРҒА ҚАТЫСТЫ
Түзілетін қалдықтардың жалпы болжамды мөлшері жылына 25,535 т құрайды. Бұл қалдықтар қатты тұрмыстық қалдықтарға жатады. Буландыру тоғаны тәулігіне
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
«Karabatan Utility Solutions» компаниясының экологы қолданыстағы талаптарда қарастырылған шаралардың стандартты жинағын санамалап шықты: шығарынды көздеріндегі ластаушы заттар эмиссиясының, сонымен қатар санитарлық-қорғау аймағы шекарасындағы ауа сапасының мониторингі; мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының төгілуі мен жылыстауына жол бермеу; автомобиль доңғалағының тысы, аккумулятор батареясы мен мотор майлары секілді арнайы қалдықтарды кәдеге жарату, аумақты көгалдандыру және топырақ құнарлылығын қалпына келтіру.
Бұдан басқа, экологиялық шаралар тізіміне «нысандар аумағын үнемі тазартып тұру» және «нысандар аумағынан өндірістік және қатты тұрмыстық қалдықтарды үнемі жойып отыру» енгізілген. Кешіріңіз, мұның өзі бірдей нәрсе емес пе?!
Табиғат қорғау шараларының тізіміне бірінші кезекте компанияның өзі үшін сөзсіз қажетті әрекеттердің енгізілуі ерсі көрінді. Алайда компания «құрылыс барысында Қызыл кітапқа енген жануарларға қатысты браконьерлікке тыйым салуға» қол жеткізу үшін бар күшін салады деген пайымдауы маманның ең көрнекті мәлімдемесі болды. Бұл пайымды қисынға салып қарасақ, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС құрылыс аяқталғаннан кейін Қызыл кітапқа енген жануарларды заңсыз аулауға салынған тыйымды кең пейілділікпен алып тастайды деп болжауға болатын секілді.
«АСТРАХАН-МАҢҒЫШЛАҚ» СУ ТАРАТҚЫШЫНЫҢ КҮШІ ЖЕТПЕЙДІ
Су қорларын тиімді пайдалану, су тұтыну және су бұруды бақылау, сонымен қатар, құрамында зиянды химиялық компоненттер мен атмосфералық шығарындылардың компонентті құрамы бар пайдаланылған суды экологиялық талаптарға сай кәдеге жарату -тыңдаудағы ең көп талқыланған мәселе болды.
АЭА Қарабатан учаскесі Астрахан-Маңғышлақ магистралды су таратқышынан келетін сумен қамтамасыз етілетін болады. Қарабатандағы жоба бастапқыда ГТС пен (полиэтилен, полипропилен және бутадиен өндіретін) үш зауыттың қажеттіліктері үшін тәулігіне 50 мың текше метр су алуға есептелген. Кейіннен компания техникалық экономикалық негіздемені қайта қарап шығып, жетілдірілген екі тармақты енгізді. Енді нөлдік лықсыма жүйесінің және градирняның орнына ГТС-те айналым суын ауамен салқындату қондырғысының есебінен су тұтыну көлемі тәулігіне 36 мың текше метрге дейін азайтылды.
– Біз қымбат тұратын жабдық орнаттық, тұзсыздандырылған суды дайындау қондырғысының шығынын толтыру үшін 13 мың текшедей суды өндіріске кері қайтарамыз, - деді «Karabatan Utility Solutions» ЖШС бас директорының орынбасары Әлімхан ЕСПАЕВ. – Су зауыт процестерінде қайтарымсыз шығындалады, олардан ағынды сулар түрінде алатынымызды тазартамыз да кері көбейтіп процеске қайтарамыз. Осылайша тұтыну көлемі азаяды.
– Судың айналымды пайдалану жүйесі тиісінше булану алаңының көлемін азайтуы тиіс, - деп атап өтті Б.Сүлейменов. Жобалаушылар оның сөзімен келісіп, тоған көлемдері қайта қаралады, алдағы уақытта тоған тек апатты лықсымалар үшін ғана қолданылады деп мәлімдеді.
Астрахан-Маңғышлақ су таратқышының жүктемені көтере алмайтындығы белгілі, көп жылдардан бері оны пайдаланушылар өткізіп жүрген қоғамдық тыңдауларда бұл мәселе көтеріліп келеді.
Осы проблемаға «АЖ» үшін А.Еспаев түсінік берді:
– Сумен қамту проблемасы бар, ол химиялық компания жобасының шеңберінде де айтылды. Химиялық зауыттар акционері осы мәселені кешенді түрде шешеді. Мен оған жауап беруге өкілетті емеспін. Алайда мұндай жұмыстар жүргізіліп жатқанынан хабардармын. Формальды келісімдер мен алдын ала келісімшарттар бар, соның ішінде «Қазстрансойлмен» де, ТШО-мен де.
ТҰТАС КӨРІНІС ЖОҚ
Тыңдауға қатыса алмаған академик Мұфтах ДИАРОВ ұйымдастырушы Жайық-Каспий Орхус орталығы арқылы өз тілегін жеткізді: ол АЭА-ға кіретін бүкіл нысандардағы шығарындылар мен су пайдалану бойынша кешенді есептерді ұсынуды өтінді және бірлескен тыңдау өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Шынымен де, жекелеген жобалар бойынша, соның ішінде осы жобаларға қызмет көрсететін құрылымдар бойынша тыңдаулар өткізу тәжірибесі, осы жағдайдағы секілді, жалпы, әсіресе маман еместер үшін индустриалды бақтың қоршаған ортаға әсер ету деңгейі туралы бірыңғай ұғым қалыптастыру мәселесін қиындатады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген автор