Атырау, 2 мамыр 04:50
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Спорт жаңалықтары

Сурет
3 157 просмотра

Күрес

Астанада белдік күрестен ел чемпионаты өтті. Чемпионатта №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері сәтті өнер көрсетті.

82 келіге дейінгі салмақта аталмыш мектептің тәрбиеленушісі Аслан Чапаев чемпион атанды. Ол алтын медальмен бірге спорт шебері атағына ие болды және әлем чемпионатына жолдама алды. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ринат Лұқпанов күміс медальды еншіледі. Ол Азия чемпионатына барады. Ал, 62 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Нұртай Әбдіғалиев қола жүлдегер атанды. Қыздар арасында 76 келіге дейінгі салмақта «күміске» Әлия Ізім ие болды. Спортшыларды Нәсіпқали Кәукен, Айдос Лекеров және Аслан Жаманбаев жаттықтырады.

***

Талдықорғанда жасөспірімдер арасында еркін күрестен ҚР чемпионаты өтті.

54 келіге дейінгі салмақта белдескен №1 БЖСМ тәрбиеленушісі Сарбаз Талғатов ел чемпионы атанды және Азия чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайтын құқыққа ие болды. Спортшыны Айдос Лекеров жаттықтырады.

***

Румыния астанасы Бухарест қаласында 1996-98 ж.т. жастар арасында еркін күрестен халықаралық турнир өтті.

Турнирде 20 елден келген 400-дей спортшы өз бақтарын сынады. Қазақстан құрамасындағы атыраулық палуандар Айдын Тәжіғали мен Жақсылық Сұлтан жақсы өнер көрсетті. Айдын 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 4 жекпе-жек өткізіп, күміс медальды жеңіп алды. Ал, Жақсылық 74 келіге дейінгі салмақ бойынша 5 жекпе-жек өткізіп, қола жүлдегер атанды. Спортшыларды Аслан Жаманбаев дайындады.


***

Муай-тай

Бішкекте муай-тайдан балалар мен ересектер арасында Қырғызстанның ашық чемпионаты болды.

Жарысқа 200-ден аса спортшы қатысты. Біздің облысымыздың атынан дәстүрлі карате және муай-тай «Қайсар» клубының төрт жас файтері шықты. Және олардың барлығы да медальмен оралды.

«Алтынды» Юсуп Мұхтасип пен Рамиль Маратов иеленсе, «қолаға» Амантай Әлихан және Вячеслав Ким ие болды. Юсуп алтын медальға қоса «Ең үздік жекпе-жек» арнайы жүлде иегері атанды.

***

Дзюдо

Рудный қаласында дзюдодан республикалық ашық турнир өтті.

№1 БЖСМ тәрбиеленушілері Сұлтан Саматұлы мен Мақсат Әбдрахман бірі «алтын», екіншісі «қоланы» қанжығаларына байлады. Балаларды Данияр Жақсиев және Болат Жұмабаев жаттықтырады.


***

Самбо

Талдықорғанда 2000-01 ж.т. жасөспірімдер арасында Нұржан Жармұхамбетовті еске алу құрметіне орай самбодан турнир өтті.

№1 БЖСМ тәрбиеленушілері төрт медальмен оралды: «алтынға» – Мәдениет Құлман мен Айзада Алмаз, «күміске» – Гүлзада Алмаз және Аян Өмірбек ие болды. Жас спортшыларды Бимырза Тайжанов, Ербол Төлеген, Данияр Жақсиев, Жасұлан Зинуллаев және Қайрат Досқалиев жаттықтырды.


Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.