Атырау, 27 сәуір 03:30
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Дитер Зейтцтің виртуалды суреттері

2 018 просмотра

29 сәуірде облыстық Ш.Сариев атындағы өнер музейінде Германияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен неміс фотосуретшісі Дитер ЗЕЙТЦТІҢ «Виртуалды ландшафтар» атты фотокөрмесі ашылды.

Дитер елімізге бірінші рет келіп тұрған жоқ, осыған дейін республиканың көптеген қалаларында жеке көрмелерін өткізіп үлгерді. Оның Қазақстанға деген қызығушылығы ең алғаш Астанаға жұмыстарымен келген кезінде ояныпты.

- Қала көшелеріндегі жаңадан бой көтеріп жатқан құрылыс алаңдарының қоршауларының әдемі фотосуреттермен жабылуы мені елең еткізді. Мен мұндайды басқа жерден көрмеппін, сүреңсіз құрылыс қоршауларын әдемі фотосуреттермен безендіру қалаға көрік беріп тұрады екен. Ерекше, адамдардың да көңілін көтереді, - дейді Дитер.

Қазақстанда түсірілген суреттерін ол Германияда өткен көрмеге қойғанында көрермен жақсы қабылдаған. Ал, Атыраудағы көрмесі - Қазақстандағы өткізіп отырған жетінші көрмесі.

Шынымен, фотосуреттерді бірден түсіне қою қиындау. Бір қарасаң, биікке бой созған құрылыстар, крандар, бір қарасаң, әдемі табиғат көрінісі, түрлі түске боялған гүлдер...

- Менің суреттерім екі кеңістікті, екі түрлі көріністі бейнелейді. Әр көрермен суреттерді өзінше түсінеді, бұл жерде бәрі адамның қабылдауына байланысты, - дейді фотосуретші.

Көрме бір ай тұрады. Кейін Дитер осы фотосуреттерді алып, Австрияға барады.

- Атырауға келесіде жаңа жобамен келуді жоспарлап отырмын. Суретке мұндағы отбасыларды түсіремін.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттерді түсірген автор

5 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.