42 жастағы Мақсот ӘБУОВ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының (АӨФ) директоры лауазымына тағайындалды деп хабарланады газ компаниясының сайтында.
М. Әбуов Махамбет ауданының тумасы, 2012 жылы Атырау облысында «ҚазТрансГаз аймақ» АҚ-да АӨФ директорының орынбасары қызметінен жұмысын бастаған. Өзінен бұрын жұмыс істеген Абай ӘМІРХАНОВ секілді Әбуов АӨФ директоры және «Интергаз – Орталық Азия» АҚ «Атырау» магистралды газ құбыры басқармасының директоры болып екі лауазымда қатар жұмыс істейді.
А. Әмірханов ҚР газ саласы жүйесіндегі басқа жұмысқа ауыстырылды, деп хабарлайды «ҚТГА» АҚ баспасөз қызметі.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ