Өткен аптада Атырау облысында бір азамат 2 млрд 700 млн теңгені бірден заңдастырды.
Мемлекеттік кірістер департаментінде, әрине, бұл адам туралы ақпаратты жария етпейді. Тіпті ол біздің өңірдің тұрғыны болып табыла ма, ол да белгісіз.
1 мамырдағы ахуал бойынша Атырау облысында 1 313 өтініш бойынша жалпы құны 10,3 млрд теңге және 7,9 млрд ақшалай қаражаттар заңдастырылды.
Сонымен қатар 18 өтініш бойынша 207,4 млн теңге сомада ҚР аумағынан тысқары жердегі мүлік заңдастырылды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА