Атырау, 5 желтоқсан 13:10
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ұрылар пейнтбол қаруына көз тіккен

1 831 рет қаралды

№1 қалалық полиция бөлімінің (Алмагүл ы/а) қызметкерлері Атырау қаласының шетіндегі базалардың бірінде 26-30 сәуір аралығында орын алған пейнтбол ойынына арналған заттардың ұрлану қылмысын ашты.

Облыстық ІІД баспасөз хабарламасында айтылғандай, ұрылар база кешенінің ғимаратына терезені сындырып кіріп, маркерлер мен пейнтбол тапаншаларын ұрлап кеткен. Кәсіпкерге тигізілген зиян мөлшері 4 млн теңгедей соманы құрады. ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті – Атыраудың 20 және 22 жастағы тұрғындары уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 мамыр 2016, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.