Атырау, 29 қараша 03:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Заңнан тысқары аттракциондар

Сурет
3 723 просмотра

Бірнеше жылдан бері кәсіпкерлер – батут, аттракцион қожайындары, тәттілер мен салқын сусын сатушылар өз қызметтерін көрсету үшін тұрақты орын таба алмай келеді.

Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл алты жылдан бері келе жатқан мәселе. Бізде арнайы демалыс бақтары жоқ, сондықтан олар өз аттракциондарын алаңдар мен желекжолдарда орнатуға мәжбүр. Ол жерден де полицейлер жиі қуады. Олардың жұмыстары маусымдық, сәуірдің аяғынан бастап қыркүйектің аяғына дейін жалғасады. Жыл сайын қыста кәсіпкерлер қала әкімінің атына өздеріне белгілі бір учаске бөліп беруді сұрап, өтініш жазады. Алайда бұл мәселе өз шешімін таппай келеді.

Бұл жолы кәсіпкерлер қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының кеңсесіне жиналды. Оларды облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат БЕКТЕМІРОВ, қалалық мәслихат хатшысы Қанат ӘЗМҰХАНОВ қабылдады. Кездесуге Атырау қаласы әкімінің орынбасары Амантай АЙТПАЕВ пен жергілікті полиция бастығы Ерлан БИҒАМБАЕВ қатысты.

Өткен жылы бәссауда өткізіліп, 29 лот – жеңіл құрылымдар, яғни, батуттар мен аттракциондар орнату үшін жер телімдері шығарылды. Біз 50-ден астам адамбыз, бәрімізге жетпеді. Оның үстіне кейбіреуі қатарынан бірнеше телімнен алды. Олар жаман болғандықтан емес, оларға стандартты телімдер жетпейтін еді – батуттар үлкен, мәселен, 16 да 17 метр. Оны орнату үшін көп жер керек. Сауда бағаны көтеру бойынша жүргізілді. Лот алдымен 16 мың тұрды, кейін миллионға дейін қымбаттады, - деп әңгімелейді кәсіпкерлер. Өткен жылы олардың көпшілігі тұрақсыз жұмыс істеген. Биыл оларға 1 мамырда Исатай-Махамбет алаңында сағат 15-ке дейін жұмыс істеуге рұқсат беріп, бірақ 11-ден кейін неліктен екені белгісіз, қуып тарата бастаған.

Кәсіпкерлер сауда жасап, қызмет көрсету үшін қандай да болмасын аумақ бөліп, осы мәселеге нүкте қоюды сұрайды. Олардың өздері Смағұлов алаңын, Құрманғазы саяжолын немесе Каспий аялдамасы маңындағы бұрынғы автобус паркін ұсынып отыр. Ал әзірге оларға таяудағы мереке күндерінде Жеңіс бағындағы алаңға шығуға рұқсат беретінін-бермейтінін білгілері келеді.

Мерекелік шаралар тұрғысында сауда-саттық қарастырыла бермейді. Бұл - бір. Сонымен қатар, бәрінде бірдей жұмыс жасауға рұқсаттары жоқ, - деді А.Айтбаев. – Бірақ біз заңды жұмыс жасайтын кәсіпкерлерге рұқсат берген бойда, олардың жандарында мұндай құжаттары жоқ, белгіленген ережелерді сақтамайтындар пайда бола кетеді. Өз тауарларын жерге картон қағаздың үстіне жайып салады да жайма сауда басталып кетеді. Біз бұған жол бере алмаймыз, сондықтан Исатай-Махамбет алаңында, сонымен қатар Жеңіс бағында жұмыс жасауға ешкім рұқсат алмайды.

Кәсіпкерлер ұсынған облыс орталығындағы жерлерге келетін болсақ, алаң мен саяжол сенімді басқаруға берілген, ал бұрынғы автопарк аумағы бойынша мәселені «анықтайтын боламыз» деп уәде берді әкім орынбасары.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор
4 мамыр 2016, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.