Атырау, 29 қараша 03:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қоқыс полигонын салуға қаржы керек

1 181 просмотра

Құрманғазы ауданы Ганюшкино селосындағы аумағы 15 гектар болатын қоқыс алаңы қоршаусыз жатыр. Қоршауы болмағандықтан ауылдың бар малы сол жерге жайылады.

- Бізге қоқыс алаңын қоршауға бюджетте қаражаттың жоқ екенін айтады. Қоқыс алаңына қоршау жүргізгеннен гөрі жаңа заманауи полигон салған дұрыс деп отыр. Онда бірдеңе жасамай ма енді? - дейді мазасызданған ауыл адамдары. – Біз сиырларымызды қуа-қуа шаршадық. Олар бәрібір қоқыс алаңына бара береді, ал, біз кейін олардың сүтін ішіп, етін жейміз.

Жаңа қоқыс полигонының жобалық-сметалық құжатын жасақтаудың өзіне 15 млн теңгедей қаражат керек екен. Мұндай мақсатқа бюджетте ақша жоқ.

- Бізге бұдан бөлек 300 контейнер, 150 қоқыс алаңшасы, 13 техника бірлігі жетіспейді. Оның бәріне 177 млн теңге қаржы керек, - дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі мен автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Әділбек ӘЖІҒАЛИЕВ.

Аудандық әкімдік ұсыныстарын облыс басшылығына жолдады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.